Оқуға құштар колледж жобасы аясында «Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде» тақырыбында квест

2023  жылдың 24 қазан күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің  ДВ-21-9 тобы,  топ жетекшісі Ж.Ж. Лекерованың жетекшілігімен, колледж кітапханасында «Оқуға құштар» жобасы аясында «Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде» тақырыбында квест сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді. Осы іс-шарада «Танабау тағу», «Өсиет қалдыру»,  «Балаға ат қою», «Меймандосқа баулу»  сияқты ұмытылған салт-дәстүрлерді студенттерге көрініс ретінде  көрсетті. Іс-шара барысында студенттерге  салт-дәстүрге  байланысты викториналық сұрақтар қойылып, студенттердің өздері дайындаған өлең шумақтары оқылды.

ДВ-21-9 тобының топ жетекшісі Лекерова Ж.Ж.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *