Оқуға құштар колледж жобасы аясында «Оқу көшбасшысы» тақырыбында викторина

2023 жылдың 20 қазан күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ИЯ-20-9 тобы, топ жетекшісі А.Е.Кажикаримованың жетекшілігімен, колледж кітапханасында  «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Оқу көшбасшысы» тақырыбында викторина өткізді. Викторина сұрақтары 3 тілде: қазақша, орысша, ағылшынша болды. Викторинаға ИЯ-22-9 және ИЯ-23-9 топтарынан 4 қатысушыдан 2 команда қатысты. Студенттердің білім деңгейлерін бағалау мақсатында, колледждің бөлім меңгерушісі С.О.Ерменбетова, ағылшын тілі оқытушысы А.А.Далабаева және де кітапхана басшысы Ш.Б.Қожамұратова қазылық етті. Әділқазылар алқасы шешім шығарғанша, көрермен студенттермен де викториналық сұрақтар қойылды. Викторина қорытындысы бойынша ИЯ-23-9 тобы 1ші орын, ИЯ-22-9 тобы 2ші орын алды.

ИЯ-20-9 тобының топ жетекшісі:Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *