Педагогика, психология және жеке әдістемелер бірлестігінің үшкүндігі аясында «Жас маман: ізденістер мен жетістіктер» тақырыбында іс-шара

06.12.23ж. Педагогика, психология және жеке әдістемелер бірлестігінің үшкүндігі аясында «Жас маман: ізденістер мен жетістіктер» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мектеп қабырғасында еңбек етіп жүрген колледж түлектерінің еңбек жолындағы ізденістері, жетістіктері, тәжірибесі жайында пікір алмасу, тәжірибе алмасу, мектеп пен колледж арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Қанатбекова Аяулым, Хаметқызы Зульфия, Алпысова Аружан, Болатбекова Айғаным, Атығұл Толғанай, әл- Фараби атындағы мектептен Қалқаман Айкүнім, №9 мектептің ұстазы Арынханова
Ақтолқын және Б.Момышұлы атындағы мектептен Берикказиева Айнаш қатысты. Бастауыш білім беру саласында еңбек етіп жатқан жас мамандар педагогикалық кызметтегі ізденістері, кол жеткізген жетістіктері, шығармашылық жұмыстары, қиыншылықтар т.б. мәселелер бойынша өз ойларын ашық айтып, пікірлерін білдірді. Кездесуге катысқан колледж басшысы Смағұлов Ержан Мәлікұлы да жас мамандарға кенесін айтып, жылы лебізін білдірді. Іс-шараны ұйымдастырган колледж оқытушысы Э.И.Калкенова

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *