«Тәрбие жұмысының технологиясы» қорытынды конференциясы

2023 жылдың 23 қаңтарында ИЯ-21-9 тобының және әдіскерлердің ұйымдастыруымен «Тәрбие жұмысының технологиясы» бойынша практикадан қорытынды конференция өтті.

Конференцияның мақсаты — студенттердің жұмысын талдау және тәжірибелердің тиімділігі туралы объективті ақпарат беру болды.

Іс-шараға аталмыш топтың ПЦК жетекшісі Ким О.А., №1 мектеп бойынша колледж әдіскері Аралбаева Б.Т., №8 мектеп бойынша колледж әдіскері Канафина А.Б., №4 мектеп бойынша колледж әдіскері Дүкенбаева Г.Е. қатысты.

Әрбір студент дайындалған презентациялардың көмегімен практикадан өту кезінде есеп беріп, өз пікірін, тілектерін білдірді, практика кезінде туындаған қиындықтармен бөлісті, практика бойынша дайындаған құжаттарымен таныстырып, әр студенттің құжаттары тексеріліп, қорытынды бағасы қойылды.

Аралбаева Б.Т. , Канафина А.Б. , Дүкенбаева Г.Е.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *