«Тәуелсіз елдің жастары» атты қала колледж студенттері арасындағы жас ақындар айтысы.

2023 жылдың 2ші қараша күні, Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйырбаева Зейнегул Ахметбаевна, бөлім меңгерушілері Каденова Анар Мукымовна, Ерменбетова Салтанат Ораловна, колледж кәсіподақ ұйымының төрайымы Төлеген Перизат Қайыржановна, «Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановна, клубтың жоспары бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күніне, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай, қала колледж студенттері арасында,«Тәуелсіз елдің жастары» атты жас ақындар айтысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жзеткізу, талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал етіп, болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, айтыс өнерін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту мақсатында өткізілетін дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптастыру.

Айтысқа, қаламыздың медициналық колледжінің студенті Нұрланбек Жансерік пен Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті Түсенов Нұрдос қатысты.

Айтыстың шарты бойынша 1ші кезеңде «Шәкәрім ақын шалқарынан» тақырыбында айтысса, 2ші кезеңде «Ел болашағы жастардың қолында» тақырыбында айтысты. Екі жас ақын да өздерінің суырып салма ақындық өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы, колледжіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйырбаева Зейнегул Ахметбаевна, қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Омарова Сархиткул Жумашевна мен медициналық колледжінің психология пәні оқытушысы Кабдыкалимова Зухра Серикжановна екі ақынға әділ бағаларын берді. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Медициналық колледжден келген Нұрланбек Жансерік 1ші орын алса, колледжіміздің студенті Түсенов Нұрдос 2ші орынды қанжығасына байлады. Жас ақындар, колледжіміздің кәсіподақұйымының атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Ақындарымыздың жетекшілеріне де алғыс хаттар табысталды.

«Шығармашылық клуб» мүшелері Туяков Қуан іс-шараны жүргізсе, Рахмет Нұрасыл 2 кезең арасында күй орындап өз өнерін көрсетті. ОП-22-9 тобының студенті Серикова Еркеназ өзінің арнауын оқыды.

Шығармашылық клуб жетекшісі

Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *