«Тәуелсіздік тәңірден келген сый» атты жас ақындар мүшайрасы

 2021 жылдың  10қараша күні «Балқаш қаласының мәдени- сауық орталығы»  «Достық» залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тәңірден келген сый» атты жас ақындар мүшайрасы болып  өтті.  Мақсаты:  өскелең  ұрпақты ата –дәстүр рухында баулу арқылы жастар шығармашылығын шыңдау.

1-кезең онлайн форматта болды. Әр қатысушы «Тәуелсіздікке арнау» тақырыбындағы өлеңдерін бейнетаспаға жазып жолдады.

2- кезеңде еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды.  Мүшайраға 1 курс студенттері:  Көпбаева Дильназ, Тазабекова Гүлжазира және 4 курс студенті Көбен Әлия төл шығармаларын жіберді. Әділқазылардың шешімімен барлық студенттер Алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.

Дайындаған оқытушы :  Жахметова Б.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *