«Тәрбие жұмысының технологиясы» практикасы бойынша қорытынды конференциясы

2023 жылдың 19 маусымында ШР-21-9 тобының «Тәрбие жұмысының технологиясы» практикасы бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты — студенттердің жұмысын талдау және тәжірибелердің тиімділігі туралы объективті ақпарат беру болды.

Іс-шараға топ студенттерімен бірге топтың жетекшісі, практика орынбасары қатысты. «Тәрбие жұмысының технологиясы» практикасы қаламыздың «№1 жалпы білім беретін мектеп», «№3 жалпы білім беретін мектеп», «№4 жалпы білім беретін мектеп», «№10 жалпы білім беретін мектеп», «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі», «Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп – интернаты» мектептерінде өтті.

Әрбір студент дайындалған презентациялардың көмегімен практикадан өту кезінде есеп беріп, өз пікірін, тілектерін білдірді, практика кезінде туындаған қиындықтармен бөлісті, практика бойынша дайындаған құжаттарымен таныстырып, әр студенттің құжаттары тексеріліп, қорытынды бағасы қойылды.

Оқытушы: Дукенбаева Г.Е.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *