Тіл саясатын дамытудың Тұжырымдамасы талданды

27 наурыз күні   Қарағанды облысы Ресурстық тіл орталығымен   және оқытушы Б.К.Жахметовамен бірлескен «Қазақ тілі және тіл мәдениеті» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: еліміздегі тіл саясаты туралы жалпы түсінік беру; ауызша және жазбаша тіл мәдениетін сақтаудың қазақ тілін дамытуға қосар үлесі туралы айту; тілдік нормалар және оның қызметі туралы түсінік беру. Семинар жұмысына    «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі және спорт», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығының студенттері қатысты.

Ресурстық тіл орталығының мамандары Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған Тұжырымдамасы жобасымен таныстырды. Тұжырымдаманың нақты стратегиялық бағыттарына, оның ішінде:

  • барлық салада тілдің қолданыс аясын кеңейту;
  • латынграфикалы әліпби негізінде тіл реформасын жүзеге асыру;
  • қазақ тілінің нормативтік базасын күшейту;
  • мемлекеттік тілде іс жүргізу, терминологияға қатысты мәселені ретке келтіру;
  • қазақ тіл білімін, оқытуды цифрландыруды жолға қоюға қатысты және тағы басқа мәселелер ортаға салынды.

Сондай-ақ  «Сергіту сәті» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындап, белсенділік көрсетті.

Кездесу соңында студенттер ойын айтып, тілді оқыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қатысты пікірін білдірді.  

«Әдістемелік десант» жұмысы аясында қазақ тілі мұғалімдерімен, тіл жанашырларымен, студенттермен іс-шараларды өз мәнінде өткізуге, ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Ә.Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжі әкімшілігіне алғыс жарияланды.

Оқытушы: Б.К.Жахметова

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *