Туған жерім – тұғырым

2024 жылдың 25-26 қаңтар күндері Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі және Қазақстанның Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы ІІІ Республикалық «Туған жерім-тұғырым» атты колледждер арасындағы «Көркем сөз» және «Вокал» номинациялары бойынша онлайн байқау ұйымдастырып өткізді. Аталмыш байқауға Қазақстанның 10 колледждерінен әр номинация бойынша 20ға жуық студенттер қатысты. Соның ішінде, Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Шығармашылық клубының» жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановнаның жетекшілігімен шығармашылық клуб студенттері Түсенов Нұрдос, Кәрімхан Балнұр, Туяков Қуан да өз бақтарын сынады. Қатысушыларға, Қазақстанның театр және кино актерлері, әншілерінен құралған әділқазы алқалары әділ бағаларын берді. Қорытынды нәтиже бойынша «Вокал» номинациясынан Кәрімхан Балнұр және Туяков Қуан 3ші орын алса, «Көркем сөз» номинациясы бойынша Түсенов Нұрдос алғыс хатпен марапатталды.

Шығармашылық клуб жетекшісі

Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *