ТжКБ ұйымдарының педагогикалық мамандықтағы студенттері арасындағы «Білім берудегі инновациялар:ізденіс және шешімдер» І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

26.04.2024ж. күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен ТжКБ ұйымдарының педагогикалық мамандықтағы студенттері арасындағы «Білімберудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.  Мақсаты: кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту, инновациялық тәсілдер мен тәжірибеге бағдарланған оқыту саласындағы заманауи жетістіктермен тәжірибе алмасу. Конференцияға «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2курс студенті Түсенов Нұрдос Мағзұмұлы «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» бағыты бойынша қатысып,  «Ұлттық құндылықтар – оқушы тәрбиесінің негізі» тақырыбында баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша бұл жұмыс «Үздік баяндама» деп танылып, Дипломмен және Сертификатпен марапаталды. 3курс студенті Исакова Аяулым Рамадинқызы «Білім берудегі инновациялық ізденістер»бағыты бойынша «Ұлттық құндылықтар негізінде сапалы білім, саналы тәрбие беруде оқытудың белсенді әдістерін қолдану» тақырыбында жұмысы үшін Сертификатқа ие болды.      І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұсынылған жұмыстар жинаққа енгізілді және ғылыми жетекші ретінде Сертификат берілді.                                              Оқытушы:  Жахметова Балжан Кошкимбаевна 

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *