«Ыбырай Алтынсарин мұрасы» «Балбұлақ» клуб мүшелерінің кезекті отырысы

2024 жылдың қаңтар айының 26-ыншы жұлдызында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Ыбырай Алтынсарин мұрасы» атты кезекті отырысы өтті.

Мақсаты:

  • Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Студенттердің жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.
  • Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  • Студенттерді талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Отырыс барысында қазақ халқына білім дейтін асыл мұраны насихаттап, қазақтың қарапайым балаларының сауатты, білімді, кемеңгер ұрпақ  болуына үлкен әсер етуші- Ыбырай Алтынсариннің өшпес мұрасы жайлы пікірлер ортаға салынды. Ыбырай Алтынсариннің өлмейтін жауһар өлеңдері оқылып, студенттерді тың деректермен білімін толықтырды. Жалпы айтқанда осынау даналықты бастаған қазақтың Ыбырайын жан-жақты тануымыз, болашақты тануымызбен пара пар. Болашаққа қарамас бұрын, тарихты саралап алу өмірге деген, жаһандық жолға түсуімізге үлкен көмек болмақ! Осынау тарихтың тас сандығындағы, алтын қазынаны құрметтеу келешек ұрпақтың қолында!

Клуб жетекшісі: Дукенбаева Г.Е.

Клуб төреағасы: Түсенов Н.М.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *