Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты облыстық байқау

23.11.2022ж. Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Теміртау индустриалды- технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен  Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қазақ сахарасының қоңырауы»  атты  облыстық байқау өткізілді.

Теміртау индустриалды-технологиялық колледжінде  өткізілген байқау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында екі бағыт бойынша жүргізілді. Осы байқауға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінен  ШК-19-9 тобының  студенті Қайдар Айтолқын қатысты. «Кел, балалар, оқылық!» бағыты бойынша Айтолқын Ыбырайдың «Өсиет өлеңдерін»  мәнеріне келтіріп айтып берді.

Байқау қорытындысы бойынша 24 студент қатысқан додада Қайдар Айтолқын жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшілік жасағаным үшін өзіме Алғыс білдірілді.

Калкенова Э.И.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *