«Жақсы адамдарым» бағдарламасы

«Жақсы адамдарым» бағдарламасы

01.03.2024 күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің бөлім меңгерушілері Каденова Анар Мукымовна, Ерменбетова Салтанат Ораловна, «Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановна 1- наурыз «Алғыс айту» күніне арналған «Жақсы адамдарым» сыр сұхбат бағдарламасын ұйымдастырып өткізді.
Бағдарламада
Күйші-сазгер, Түркі әлемінде тұңғыш рет жасалған домбырада ойнап үйренудің компьютерлік бағдарламасының авторы, колледжіміздің «Музыкалық білім беру» бөлімінің оқытушысы – Жақсылық Рзаханұлы Нәдірбеков

Ақын, сазгер, журналист, «Балқаш қаласының әнұраны», «Рухани жаңғыру», «Әділетті Қазақстан», «колледжіміздің әнұранының» авторы, композиторы – Қуандық Мақсұтұлы Саденов

Балқаш сазы халықтық ардагерлер хорының жетекшісі, колледжіміздің ардагер ұстазы Алмагүл Нургаслиқызы Далибаева

Колледжіміздің «Музыкалық білім беру» бөлімінің түлегі, қаламыздағы №3 ші мектеп-интернатының директоры Асхат Хасейінұлы Талимов қонаққа келді. «Шығармашылық клуб » студенттері Түсенов Нұрдос пен Бәйтен Меруерт бағдарламаны жүргізіп, Кәрімхан Балнұр мен Абдирбаева Молдір әсем әндерімен сыр сұхбаттың шырайын келдірді.
Бағдарламада қонақтарымыз өз өмірлерімен, шығармашылықтарымен бөлісіп, көрермен студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Кәде сый ретінде Жақсылық ағамыз өзінің шығарған күйін орындады. Кеш соңында колледж директоры Ержан Мәлікұлы Смағұловқа сөз берілді.

Бөлім меңгерушілері Каденова Анар Мукымовна
Ерменбетова Салтанат Ораловна
«Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *