«Жақсы адамдарым» бағдарламасы

01.03.2023 күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің бөлім меңгерушілері А.М.Каденова, С.О.Ерменбетова және «Шығармашылық клуб» жетекшісі А.Е.Кажикаримованың ұйымдастыруымен, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс» тақырыбында «Жақсы адамдарым» бағдарламасы өткізілді.

Бағдарлама қонақтары колледжіміздің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Е.М.Смагулов, қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушылары Б.К.Жахметова мен С.Н.Алиманова қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісіп, көрермен студенттерге жылы тілектерін білдірді. Бағдарламаны ШК-22-9 тобының студенттері Түсенов Нұрдос пен Армияш Гүлнұр жүргізсе,  «Шығармашылық клуб» мүшелері Несипбаева Арай, Айтжанқызы Нұрайым, Тоқтал Назерке мен Бәйтен Меруерт ән шырқап, бағдарламаның сәнін кіргізді.

«Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова А.Е.

Бөлім меңгерушілері Каденова А.М., Ерменбетова С.О.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *