«Жастар-шағын бизнеске» облыстық бизнес идея байқауы

Экономика пәндерінің  оқытушысы Мамырбаева Шолпан Серикжановна және МТ-21-9 тобының студенттері Кокей Фарида,Умиржан Ақбота және ПО-21-9-2 тобының студенттері Шустова Софья, Кузьменко Дарья, Каширин Данилмен  2022 жылдың 14-15 қараша аралығында Қаржылық сауаттық апталығы аясында Қарағанды қаласында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» мен КМҚК Қарағанды жоғары политехникалық колледжі ұйымдастырған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен үздік студенттік бизнес идеялардың  «Жастар-шағын бизнеске» облыстық байқауының қорытынды кезеңіне қатысты. Байқау ережесі бойынша  1 кезеңнен өткен студенттердің бизнес жобалары, қорытынды кезеңге   дәстүрлі (офлайн) түрде қатысып, қорғалу керек болды. Байқауға қатысу барысында студенттер Кокей Фарида, Умиржан басқада қатысушылардың бизнес жобаларын тыңдап, өз жобасын атаулы деңгейде қорғап шықты. Байқау қорытындысы бойынша МТ-21-9 тобының студенттері дипломмен марапатталды. Студенттер Шустова Софья, Кузьменко Дарья, Каширин Данил, жетекшісі Масалова О.Ю. сертификатпен марапатталды.

Оқытушы:                                                                  Мамырбаева Ш.С.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *