«Жастар-шағын бизнесте» облыстық байқауы

Экономика пәндерінің  оқытушысы Мамырбаева Шолпан Серикжановна және ШК-22-9 тобының студенттері Толеуқұл Алтын, Түсенов Нұрдос  2023 жылдың 15-16 қараша аралығында Қаржылық сауаттылық апталығы аясында Қарағанды қаласында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжі ұйымдастырған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен үздік студенттік бизнес идеялардың  «Жастар-шағын бизнесте» облыстық байқауының өңірлік кезеңіне қатысты. Байқау ережесі бойынша  1 кезеңнен өткен студенттердің бизнес жобалары, өңірлік кезеңге   дәстүрлі (офлайн) түрде қатысып, қорғалу керек болды. Байқауға қатысу барысында студенттер Толеуқұл Алтын, Түсенов Нұрдос басқада қатысушылардың бизнес жобаларын тыңдап, өз жобасын атаулы деңгейде қорғап шықты. Жоба жетекшісі Мамырбаева Шолпан Серикжановна.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *