Жылдың үздік оқырман тобы

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің кітапханашылары 31.05.2024 күні “Оқуға құштар колледж” жобасы бойынша “Жылдың үздік оқырман тобы” атты зияткерлік ойын өткізді. Іс- шара осы жобаны қорытындылау мақсатында жасалды.
Ойын үш кезеңнен құралып, топ студенттері әр кезең бойынша сұрақтарға жауап беріп, эссе жазды. Қорытынды бойынша “ШК-22-9” тобы жеңімпаз атанды және “Жыл оқырманы” номинациясымен ТТ-23-9 тобының студенті Құралай Нұрланқызы марапатталды.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *